Астана қаласы “Жанбибі” ЖШС 2020 жылы 1 ақпан айынан бастап жұмыс жасайды . Оқыту тілі – мемлекеттік тіл. Бөбекжай жұмыс уақыты 8.00 – 18.00 дейін. Балалардың жас ерекшеліктеріне ,заман талабына сай жабдықталған 3 топ жұмыс істеуде. Музыка залы, медициналық кабинет бар. “Жанбибі” ЖШС (ары қарай - Балабақша) 57 балаға рұқсат берілген. Балабақша аптасына 5 күн жұмыс жасайды. Жалпы педагог саны – 5. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу жұмысын ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының 2022жылғы 3тамыздағы № 348 стандарт талаптарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бойынша орындалуда. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Заман өзгерген сайын, әдіс тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз .
Директор Бисембаева Акжанар
Білімі - жоғары, Педагогикалық өтілі - 10 жыл
Кіші топ
Ерекшелігі 2 жас
Ортаңғы топ
Ерекшелігі 3 жас
Аралас топ
Ерекшелігі 3-5 жас
Жанбибі балабақшасы тәрбиелеу кестесі
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Таңертеңгілік қабылдау. Ойындар.Таңертеңгілік жаттығу. Гигиеналық шаралар. 08.00 - 08.45 «Ас дәмді болсын!» таңғы асқа дайындық, таңғы ас. 08.45 - 09.05 Ойындар, ұйымдастырылған оқу қызметтеріне дайындық. 09.05 - 09.15 «Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу қызметтері (үзілістерімен бірге жалпы ұзақтығы). «Ас болсын!» таңғы дәрумен (екінші және үшінші оқу іс-әрекеті арасында ). 9.15 – 11.40 «Табиғат аясында» Серуенге дайындық. 11.40 -11.50 Серуен Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек, жеке жұмыс 11.50 -12.30 Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.12.30 -12.50 «Ас дәмді болсын!» Түскі ас 12.50 -13.00 «Тәтті ұйқы» Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Жатқызу және түскі ұйқы. 13.00 -15.15 «Ұйқымызды ашайық» Ояну. Шынықтыру шаралары, 15.15 -15.30 «Ас болсын!» Бесін асқа дайындық, толық тамақтану 15.30-16.00 «Бірге өсіп өнеміс» Сауықтыру-дамыту сағаты. 16.00-16.55 «Алақай! Ойын!» Балалардынеркін ойындары. 16.55 -17.15 «Табиғат аясында!» Бесін дәрумені, серуенге дайындық. 17.15 -17.30 Серуен, қимылды ойындар. Балалардың үйге қайтуы. 17.30-18.30
Біздің тәрбиешілеріміз
Қуанышбай Сана
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу".
Бахытжан Айзере
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу".
Оразова Айгул
Тәрбиеші
Білімі: жоғары, мамандығы «мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»,
Шаяхмет Арман
Музыка жетекшісі
Білімі: мамандығы "мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу".
Бейне галерея
Жетістіктеріміз
Әдістемелік жұмыстар
Іс-шаралар галереясы
Сабақ өтуі
Біз өз сабақтарымызда балаларды топпен қарым-қатынас жасауға, достасуға, өз ойларын еркін жеткізуге үйретеміз. Шет тілі негіздері, математика, дене жаттығулары.
Ағылшын тілінің негіздері
Сабақ барысында балалар жаңа тілде ұялмай сөйлесуді үйренеді, диалогтар құрады. Баланың жас кезінде де тіл туралы түсінігі қалыптасады және сол тілде басқалармен тіл табыса алады.
Сөйлеуді дамыту
Сөйлеуді дамыту сабағында біз тақпақ үйренеміз, өзімізше әңгіме құрастырамыз, басқаларға айтып жаттығамыз. Біз балаларға өз ойларын анық жеткізуге және көпшілік алдында сөйлеуден ұялмауға көмектесеміз.
Көрнекі ойлау
Көрнекі ойлау қиялды дамытады және бала кезінен жақсы талғамды сіңіреді. Біз сурет салуды, мүсіндеуді, фильм түсіруді және т.б. үйренеміз.
Дене шынықтыру
Жаттығулар мен жаттығулар. Бұл балалардың дұрыс физикалық дамуы үшін ойын түрінде күнделікті әрекеттер.
Ата-аналарға ұсыныс
Бала тәрбиелеу тек балабақша шеңберінде ғана емес сонымен қатар отбасы ішінде жүзеге асады. Осы мақсатпен бөбекжай тарапынан ата-аналарға баланың дамуына жақсы үлес қосатын түрлі қимылды ойындарды ұсынамыз.
Балабақшада ас мәзірі басшы бекіткен перспективтік маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзірге сәйкес. Тамақтану жағдайын дұрыс ұйымдастыру - балалардың денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады және бөбекжайда уақытының көп бөлігін өткізетінін ескере отырып, балалардың денсаулық деңгейінің жақсаруына әкеледі.
Көп қойылатын сұрақтарға жауаптар. Сұрақтарды ресми почтаға жолдаңыз zhanbibi-2020@bk.ru
Қарлығаш:
Бақшаға қалай баруға болады?
Балабақша:
Біздің ұсынымыз алдымен балабақшаға келіп танысқаныңыз жөн. Бала баратын топты көріп, тәрбиешімен танысып баланың ерекшеліктері болса соны естірткен жөн. Барлық жағдай қолайлы деп шешсеңіз Индиго электронды балабақша сайты арқылы https://indigo-nursultan.e-orda.kz/ жолдама алып, келісім-шартқа қол қоясыз.
Құныпия:
Қандай құжаттарды тапсыру керек?
Балабақша:
Балаларыңызды орналастыру үшін балабақшаға ата-аналарының жеке төлқұжаттары, баланың туу туралы куәлігі, Бала денсаулығы паспорты 052-у. анықтамалар форма 027/у, форма -065/у және 3х4 бала фотосы қажет болады.
Нартай:
Менің балам 2024 жылы туды. Ол мемлекеттік дотация арқылы тәрбиелене алады ма?
Балабақша:
Бала 2024 жылы туылса онда 2026-2027 оқу жылын балабақшада өткізе алады. Ваучер берілу 1 шілдеден басталып осы уақытта орындар шыға бастайды. Мемлекеттік дотация сол кезде 2024 жылы туылған балаларға қарастырылған.
Сынақ күніне жазылыңыз
Балаңызды топқа орналастыру үшін алдымен балабақшамен, оның жағдайымен, атмосферасымен танысуға болады. Байланыс деректеріңізді қалдырсаңыз, біз сізбен хабарласамыз.